Курчатов қаласында жаңа қазақ мектебі ашылды

СЕМЕЙ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Лина  Славина/ -    Шығыс Қазақстан облысының  Курчатов қаласында   жаңа  оқу  жылында  қазақ  мектебі  ашылды.  Бұл  мектепте      387   оқушы   сабаққа кірісіп кетті.
None
None

Физик-ядрошылардың  қаласында  тағы бір мектеп ашу  үшін     сонау  өткен ғасырдың  ортасында салынған  ескі  ғимарат  қалпына келтірілді.      Өткен дәуірдің сәулеті  мен  қазіргі заманның    технологиясы  - №1 мектептің  ерекше  етіп  отыр.

Жаңа  мектептегі  17 сыныптың   оқушыларын  жаңа оқу  жылының басталуымен    қала  әкімі Александр  Генрих,    Ұлттық  ядролық орталықтың  Бас директоры Қайрат Қадыржанов,  «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік  қоғамының президенті Абзал  Құсайынов  және  мектеп ғимаратын   жаңартып  берген   «Консо»  фирмасының  құрылысшылары құттықтады.

Соңғы жаңалықтар