Курчатов қаласының әкімі өмірден өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдағанов 45 жасында ауыр науқастан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Facebook-тегі жазбаға сілтеме жасап.

Курчатов қаласының әкімі өмірден өтті

Алмас Аманқолұлы Оңдағанов 1974 жылдың 30 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. 1999 жылы Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында білім алып, «Мемлекеттік басқару» мамандығын меңгеріп шықты.

Еңбек жолын Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің инспекторы болып бастады. Әртүрлі жылдарда энергетика министрлігі құрылымдарында, ШҚО әкімдігі, Курчатов қаласының әкімдігі аппаратында түрлі қызметтер атқарды.