Курчатовта Ұлттық ядролық орталығы ұжымының қорытынды мәлімдемесі қабылданды (ФОТО)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауға, сондай-ақ ҚР Президентті сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Кеше өткен ҚР ҰЯО еңбек ұжымының жиналысында оған қатысушылар кезектен тыс сайлауға дайындық қорытындысы, сондай-ақ Н. Назарбаевтың өткен 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде алға қойған міндеттерді орындау жайы талқыланды.
ҚР ҰЯО РМҚ бас директорының міндетін атқарушы Сергей Березин, бүгінде қазқстандықтардың бар назары кезектен тыс президенттік сайлауға ауғандығын атап өтті.
Ол ҚР ОСК жұмысының жұмысы жайлы жан-жақты баяндады.
Ұлттық ядролық орталығының бұл басқосуына 200-ден астам қызметкер қатысты және олар алдымен электоральды науқанның кезеңдерін талқылады.
Кездесу барысында аумақтық және учакелік сайлау комиссияларының жұмысы жайлы жұмыстар егжей-тегжейлі қарастырылды.
Курчатов қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Самат Смағұловтың айтуынша қалада аумақтық сайлау комиссиясы және 4 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Оларда алдағы сайлауға дайындық жұмыстарын басталып та кетті. Курчатов қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Любовь Киселева әріптестеріне өзі делегат болған партия съезінің жұмысы, Мемлекет басшысы тарапынан айтылған бес реформа жайлы баян етті.
Жиынға қатысушылар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғылыми хатшысы Н. Қадыровтың алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырған мәлімдемесін бірауыздан қолдады.