Құрдасын өлтірген күдікті қолға түсті
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Өзінің құрдасын өлтірді деген күдікпен алматылық азамат тұтқындалды.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Алматы қаласында 33 жастағы жергілікті тұрғынды өлтіру қылмысы ашылды. Наурыз айының алғашқы күндері оның зорлық- зомбылық белгілері бар мәйіті жеке үйлердің бірінің жертөлесінен табылған болатын», - деді министрліктің ресми өкілі.
Оның атап өтуінше, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде бұзақылық ниетте адам өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің құрдасы ұсталды. Тергеу барысында келіспеушіліктен шыққан ұрыс-керіс кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп өлтіргендігі, ал мәйітті жертөлеге тастап, ізін суытқаны анықталды.