Күрделі кезеңнен тек күшті, ұйымшыл халықтар мен елдер ғана өте алады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауына байланысты пікірлерді жариялауда.
None
None

Н.Назарбаевтың болжамынша, алдағы жылдары әлемді жаһандық сынақ кезеңі күтіп тұр. Бұл туралы ол республика халқына мерзімінен бұрын жариялаған жолдауында мәлімдеді, деп хабарлады «Новости-Казахстан» агенттігі. Қазақстандық көшбасшы жетекші державалардың санкциялары әлемдік экономиканың дамуына қосымша кедергілер жасайтынын айтты.

«Мен өзімнің өмірден алған тәжірибемнен алдағы жылдар бүкіл әлем үшін, біз үшін де жаһандық сынақ уақыты болатынын сеземін. Бұл күрделі кезеңнен барлық мемлекеттер оңайшылықпен өте алмайды, мұны тек күшті, ұйымшыл, бірлігі тұтас халықтар мен елдер ғана артқа тастай алады», - деп атап өтті Президент. Елбасының пікірінше, Қазақстан геосаяси шиеленіс ошағына тікелей жақын орналасқан ел болғандықтан осы үдерістердің кері әсерін сезінеді.

«Әлемдік нарықта бағалар төмендеп барады, жалпы экономикалық өсу баяулады, халықаралық валюта қоры мен әлемдік банктің болжамынша, 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуы төмендемек, ол да бізге әсер етеді. Сол себепті бізге кейбір позицияларды қайта қарап, алдағы кезең жоспарына түзетулер енгізу керек», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар