Күрделі жөндеуден өткен Ан-12 әскери-көліктік ұшағы елорда әуежайына келіп қонды

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Елорда әуежайына Ресейдің Таганрог қаласындағы зауытта күрделі жөндеуден өткен Ан-12 әскери-көліктік ұшағы келіп қонды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Күрделі жөндеуден өткен Ан-12 әскери-көліктік ұшағы елорда әуежайына келіп қонды

Ан-12 ұшағы жеке құрам (60-96 адам) мен жүктерді (20 тоннаға дейін), ҚР Қарулы Күштері мен әскери техникасын тасымалдауды, жеке құрамды жеткізуді, арнайы мақсаттағы әскерлерді парашюттен түсіруді, әскери-көліктік авиация бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамын жауынгерлік дайындықпен қамтамасыз етуге арналған.

Ан-12 әскери-көліктік ұшағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде пайдаланылатын орта буындағы авиациялық техника болып табылады.

Күрделі жөндеу мен толық жетілдіруден өткен Ан-12 ұшағына Қазақстанның Әскери әуе күштері үшін навигация және халықаралық маяк бойынша отырғызу жүйесі, радиостанса, метеолокатор, биіктік өлшеу, GPS стансасы сияқты жүйелер қондырылған.

Күрделі жөндеуден өткен ұшақты кемінде алты жылға дейін пайдалануға болады.