Күрдтер «Ислам мемлекетінің» шабуылына тойтарыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Кобани қаласында қанды қырғын күннен күнге ушығып барады. Соңғы түскен ақпаратқа қарасақ, «Ислам мемлекеті» атты радикалды ұйымның жасаған шабуылдарына күрдтер тойтарыс берген, деп жазады 24.kz.
Қарулы лаңкестер жасақтарға қару-жарақ пен азық жеткізілетін жолды жауып тастамақ болса керек. Қарулы қақтығыста жүзден астам лаңкес қаза тапқан. Дәл осы жолмен жуырда ғана бірінші гуманитарлық көмек пен қару-жарақ жеткізілген еді.