Күрдтер Сирия атауындағы «араб» сөзін алып тастау туралы ұсынысты мақұлдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық күрдтер Ресей ұсынған Сирия конституциясы жобасындағы «араб» сөзін елдің толық атауынан алып тастауды қолдады.
Бұл туралы Демократиялық одақ партиясының өкілі Халед Исса мәлім етті, деп хабарлайды РИА "Новости".
«Ресей ұсынған көптеген жақсы ұсыныстар бар. Соның бірі Сирия атауындағы «араб» сөзін алып тастау, яғни «Сирия Араб республикасы» дегеннің орнына - «Сирия республикасы» деп қалдыру. Себебі Сирия көп этносты мемлекет, сондықтан мұндағы халықтардың барлығының құқығы қорғалуы тиіс», - деді ол.