03:38, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Күрдтер Сирияның солтүстік-шығысын басып алды
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Күрдістанның жұмыс партиясынан содырлар Сирияның солтүстік-шығысындағы 5 елді мекенді басып алды, деп хабарлады БАҚ.

Сирияның шығысында орналасқан Дирик қаласы бақылауда болған шаһарлардың соңғысы болды, елді мекеннен үкіметтік әскерлер қуылды. Дирик стратегиялық маңызға ие қала, ол 3 мемлекетпен - Ирак, Сирия және Түркиямен шектеседі. Ол жерлерде күрдтердің басым бөлігі тұрады, деп хабарлады Росбалт.
Күрдтер енді негізінен күрдтер тұратын ірі сириялық қала орталығы - Камышлиді басып алуы мүмкін деп күтілуде.