Күре жолда соқтығысқан екі жүк көлігі өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Нарын облысы, Қошқар ауданының Сүтті Бұлақ ауылында екі жүк көлігі соқтығысып, артынша өртенген. Бұл туралы Кабар хабарлады.

Күре жолда соқтығысқан екі жүк көлігі өртеніп кетті

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 11 шілде күні 08:20-да болған. Бішкек-Нарын-Торугарт автожолының 222-километрінде Volvo және Renault маркалы жүк көліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан Volvo толығымен өртенген, ал Реноның тіркемесі жанған.

Абырой болғанда құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.