Күрес: Астанадағы Олимпиадалық іріктеу жарысында Қазақстан командасы алғашқы жүлдені олжалады
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу жарысында қазақстандық Ақжүрек Таңатаров күміс жүлдеге ие болды.
66 келіде өнер көрсететін жерлесіміз шешуші белдесуде өзбек Ихтиор Наврузовтан жеңіліп қалды.
Бүгін А. Таңатаров финалдық теке-тіреске жету жолында қытайлық Катаи Ерланбиекемен, екінші кездесуде үндіс Кумар Шишилмен боз кілемге шығып, екеуін де ұтқан болатын. Дегенмен, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақтық сындағы жеңілісіне қарамастан, Ақжүрек Лондон жолдамасын еншіледі.