Күрес: Қазақстандық қыздар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Будапеште өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қазақстандық қыздар жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Күрес: Қазақстандық қыздар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

ҚР Күрес түрлері федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында қыздар күресінен жарыс аяқталады. 53 келі салмақта ел намысын қорғаған Жұлдыз Ешімова әлем чемпионатын бесінші орынмен қорытындылады. Өкінішке қарай, Жұлдыз қола медаль үшін болған белдесуде канадалық Диана Вайкерден 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Жұлдыз кеше жарыстың 1/8 финалында американдық Сара Хильдебрандтан ұтылып қалған еді. Ал жұбаныш белдесуде әзірбайжандық Анжела Дороганнан 5:3 есебімен басым түсті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасының балуандары еркін күрестен бір күміс медаль жеңіп алған болатын. Оны қоржынымызға 57 келі салмақта күрескен Нұрислам Санаев салды.


ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі