Күрес: Республикалық турнирде жеңімпаз-кадеттер анықталды

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Алматыда өткен 1995-1997 жылғы кадеттер арасындағы Республикалық күрес турнирі өтті.
None
None

Турнирдің қорытындысы бойнша Меден Арслан (46 келі), Мират Қуандық (54 келі), Рахман Шахарбек (63 келі), Хусеин Муцольгов (76 келі) және Аян Біржанов (100 келі) жеңімпаз атанды. Олардың бәріне Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері, спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың арнайы сыйлықтары табысталды.

 Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері Серік Жұмашевтың айтуынша, алда Азия чемпионаты бар. «Ол маусым айында Бішкек қаласында өтеді. Осыдан кейін біз құрлықтық біріншілікке дайындалатын боламыз. Шынын айту керек, соңғы екі жылдың ішінде жастардың күреске деген қызығушылығы артып келеді. Бұл жәйт бізді қатты қуантады», - дейді С.Жұмашев.    

Соңғы жаңалықтар