Күрес түрлері: Рио жолдамаларын сарапқа салатын сәт жақындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күрестің сан алуан түрі бар. Солардың ішінде Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген грек-рим, еркін және әйелдер күресінің бәсі биік. Күрестің бұл үш түрі де Қазақстанда кеңінен етек алып, қарқынды дамып келеді.
None
None

Бұл күрес түрлері елімізге 1940 жылдары келе бастады. 1947 жылы біздің еліміздің өкілдері грек-рим күресінен болған бүкілодақтық чемпионатқа қатысып, қазақтың сол кездегі жас балуаны Қайрат Байдосов түңғыш рет КСРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Дәл сол кезде қазақстандық балуандар әлемдік күрес элитасына енді.

1964 жылы Анатолий Колесов грек-рим күресінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атағын олжалады. Содан кейін жерлестеріміз әр жылы күрестің осы түрінен өтетін додаларда жүлделі орындардан көріне бастады. Өз тұстарында Валерий Резанцев, Жақсылык Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Анатолий Назаренко, Игорь Ростоцкий, Дәулет Тұрлыханов, Юрий Мельниченко, Мәулен Мамыров сияқты саңлақтарымыз жасындай жарқырады.

Ал күрес түрлерінің ішіне кірген әйелдер күресі енді дамып келе жатқан спорт түрі. Кеңес Одағы кезінде бұл спорт түрі КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы самбо спортшыларын дайындап шығарған Л.Б. Турилиннің арқасында дами бастады. ФИЛА (біріккен күрес түрлерінің халықаралық федерациясы) әйелдер күресінен әлемдік чемпионаттарын 1989 жылдан бастап өткізіп келеді. Олимпиада ойындарының бағдарламасына бірінші болып 2004 жылы енгізілді. Сөйтіп, әйелдер күресі жыл сайын дами түсті, әсіресе 2004 жылы Афинада өткен олимпиададан кейін бүкіл әлемге танымал болып, қыздар арасында бұл спорт түріне деген қызығушылықтары арта бастады. Алғашқыда жарыс 9 салмақ дәрежесінде, кейіннен 7 салмақ дәрежесінде өтіп келеді.

Қазақстандағы әйелдер күресі танымал әрі дәстүрлі спорт түріне айналып үлгермей-ақ, біздің спортшылар бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Әйелдер күресі құрама командамыздың 2007 жылы Бакудегі әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуінен кейін қарқынды дами түсті. Ол кезде Ольга Смирнова «күміс», ал Елена Шалыгина мен Ольга Жанибекова қоржынын «қоламен» толықтырды.

Араға жыл салып Олимпиада ойындарындағы балуан қыздарымыздың көптен күткен күресі өтті. Бейжің Олимпиадасынан Елена Шалыгина қола медальмен оралды. Сол 2008 жылы Токиодағы әлем чемпионатынан Жұлдыз Эшимова - Туртбаева «күміс» олжалап қайтты. Ал Хернингте (Дания) әйелдер арасындағы күрестен болған әлем чемпионатында Елена Шалыгина үшінші орынға табан тіреді. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Гүзель Манюрова «қоладан» алқа тағынды.

Енді келесі жылы Рио олим­пиадасының алауы тұтанады. Біздің балуандар қазір сол бәсі биік додаға дайындық үстінде. 8-12 қыркүйек аралығында Лас-Вегас қала­сында күрес түрлерінен әлем чемпионаты байрағын көтереді. Әлемдік сында Рио олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Онда грек-рим күресінен Алмат Кебісбаев (59 келі), Демеу Жадыраев (66 келі), Дарқан Байахметов (71 келі), Досжан Қартықов (75 келі), Асқат Ділмұхамедов (80 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келі), Ерұлан Ысқақов (98 келі) және Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) сынды балуандарымыз бақ сынап жолдамаға таласады. Грек-рим шеберлері 24 тамызға дейін Алматы маңындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру орталығында жиын өткізеді. Сосын Таңат Сағындықов бастаған ба­луан­дар Колорадо штатына (АҚШ) жол тартып, әлем чемпионатына дайындық­тарын пысықтайды.

Еркін күрестен әлем біріншілігіне Артас Сана (57 келі), Дәулет Ниязбеков (61 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Нұр­жан Бекжанов (70 келі), Жігер Зәкіров (74 келі), Әділет Дәуленбаев (86 келі), Әлихан Жұмаев (97 келі) және Дәулет Шабанбай (125 келі) қатысады. Олар қазір Қырымдағы Алушта қала­сында Әзiрбайжан, Беларусь құрамаларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал әйелдер құрамасында Татяьна Аманжол (48 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Айжан Ысмағұлова (55 келі), Айым Әбілдина (58 келі), Мәдина Бақ­бергенова (60 келі), Екатерина Ларио­нова (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Гүзел Манюрова (75 келі) ел намы­сын қорғап қана қоймай, Рио олим­пиадасының жолдамасына да таласады. Жалпы, Рио де Жанейро олимпиа­дасына күрестің үш түрі бойынша 336 жолдама сарапқа салынады. Грек-рим және еркін күрестен әрқайсысына 114-тен (әр салмақтан 19 балуан) жолдама тара­тылса, әйелдерге 108 жолдама (әр салмақ­тан 18 балуан) беріледі. Лас-Вегаста өтетін әлем чемпионатында үздік алтылыққа кірген балуандардың олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндіктері бар. Одан кейін құрлықтық 4 сында - азиялық, еуропалық, панамерикалық және Мұхиттар аймағы мен Африка елдері арасындағы турнирлерде жолдама ойна­тылады. Бұл сындарда финалға шыққан балуандар ғана Рио додасына қатысуға мүмкіндік алады. Ал әлемдік іріктеу турнирі өтетін Ұлан-Батырда әр салмақ дәрежесінде ерлер арасында - 3, әйелдер арасында 2 жолдама ойнатылады.

Бірден айта кетейік, Азия іріктеу түрнирі 2016 жылы наурыз айының 18-20 аралығында елордамыз Астана қаласында өтеді. 2014 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты барысында біздің федерация күрестің үш түрінен де Олимпиада ойындарының електік турнирін Астанада өткізуге ниетті екендіктерін білдіріп, өтініш берген. Жалғыз біздің елдің федерациясы ғана емес, бірнеше ел осындай өтініш білдірген.

Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) комиссиясының шешімімен солардың ішінен екі қала іріктеліп алынған. Олар - Астана және Улан-Батор. Осыған орай, өткен жылдың қараша айында біздің елге UWW вице-президенті Ахролджан Рузиев келіп кеткен еді. Ол өз сапарында біздің елдегі жағдайды көріп, бәрімен егжей-тегжей танысып, лауазымды тұлғалармен кездесіп, Азияның електік турнирін Астанада өткізуге шешім қабылдады. Бұл Қазақстан балуандарына берілген үлкен мүмкіндік екені айтпасақ та түсінікті. Өз жерімізде емін-еркін күресіп, ел сенімін ақтап, Рио Олимпиадасының жолдамаларын «уыстап» тұрып алады деп үміттенеміз. Ал Панамерика іріктеу турнирі келесі жылы наурыздың 4-6 күндері АҚШ-тың Даллас қаласында өтеді. Африка/Мұхиттар аймағы іріктеу турнирі 2016 жылы сәуір айының 1-3 күндері Алжирде жалауын желбіретсе, Еуропа іріктеу турнирі осы жылы сәуірдің 15-17 аралығында Сербияның Зреньянин қаласында өтеді. Әлемдік І іріктеу турнирі де келесі жылы май айының 6-8 күндері Моңғолия Батыр қаласында өтсе, ІІ іріктеу турнирі тура осы уақытта Түркияның Ыстамбұл қаласында жолдаманы сарапқа салады.

Ал мақаламыздың соңында Тәуелсіздік алғаннан кейінгі күрестің үш түрінен әлем чемпионатындағы Қазақстан қоржынына медаль салып, жасындай жарқыраған саңлақтарымыздың есімдері мен қандай жүлделерге ие болғанын назарларыңызға ұсынамыз.

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты

Өткен жылы

Балуанның аты-жөні

Салмақ

Алған медальдары

Барлығы

алтын

күміс

қола

1993

Дәулет Тұрлыханов

82

1

1

1994

Юрий Мельниченко

57

1

1

1995

Бақтияр Байсеитов

74

1

2

Юрий Мельниченко

57

1

1997

Юрий Мельниченко

58

1

1

1998

Бақтияр Байсеитов

76

1

2

Мкхитар Манукян

63

1

1999

Мкхитар Манукян

63

1

2

Юрий Мельниченко

58

1

2003

Георгий Цурцумия

120

1

1

2005

Ермек Көкетов

55

1

1

2009

Нұрбақыт Теңізбаев

60

1

1

2010

Алмат Кебісбаев

60

1

2

Нұрмахан Тінәлиев

120

1

2011

Алмат Кебісбаев

60

1

2

Нұрмахан Тінәлиев

120

1

2013

Нұрмахан Тінәлиев

120

1

1

БАРЛЫҒЫ:

5

5

7

17

Еркін күрестен әлем чемпионаты

Өткен жылы

Балуанның аты-жөні

Салмақ

Алған медальдары

Барлығы

алтын

күміс

қола

1995

Елмади Жабрайылов

82

1

1

1997

Мәулен мамыров

54

1

1

2003

Геннадий Лалиев

74

1

1

2005

Магомед Куруглиев

84

1

1

2009

Леонид Спиридонов

66

1

1

2010

Абдулхәкім Шәпиев

74

1

1

2011

Дәулет Ниязбеков

55

1

2

Дәурен Жұмағазиев

60

1

БАРЛЫҒЫ:

-

1

7

8

Әйелдер күресінен әлем чемпионаты

Өткен жылы

Балуанның аты-жөні

Салмақ

Алған медальдары

Барлығы

алтын

күміс

қола

2007

Елена Шалыгина

63

1

3

Ольга Смирнова

55

1

Ольга Жәнібекова

72

1

2009

Елена Шалыгина

63

1

1

2010

Елена Шалыгина

67

1

1

2011

Жұлдыз Ишимова

51

1

1

2012

Гүзель Манюрова

72

1

1

2013

Екатерина Ларионова

63

1

1

БАРЛЫҒЫ:

-

3

5

8

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар