Күрес түрлерінен ӘЧ: Еркін күрестен қос балуанымыз ширек финалға өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен қос балуанымыз ширек финалға сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрес түрлерінен ӘЧ: Еркін күрестен қос балуанымыз ширек финалға өтті

Еркін күрестен ерлер арасындағы 65 келі салмақ дәрежесінде үш дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы, қазақстандық Дәулет Ниязбеков 1/8 финалда неміс балуанын ұтып, ширек финалға шықты. Ал 57 келіге дейін салмақта өнер көрсететін тағы бір балуанымыз Нұрислам Санаев 1/8 финалда германиялық Джастин Джуниор Лерді 7:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.


Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда қытайлық Тайпей өкілін 10:0 есебімен таза жеңген болатын. Ал Нұрислам Санаев болса бірінші белдесуінде Молдова өкілі Анатолий Бурьянды 11:0 есебімен ойсырата ұтты.