Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы елордада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Осы жаңалықты ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Достар, біздің тамаша жаңалығымыз бар. Күрес түрлерінен әлем чемпионаты (еркін, грек-рим, әйелдер күресі және грепплинг) 2019 жылы Астанада өтеді. Біз Әлем чемпионатын өткізу орнын таңдау барысындағы ақтық турда Ыстанбұл қаласынан жеңіп кеттік. Бұл іс жүзінде орасан зор оқиға», - деп жазды Ерлан Қожасбай.

Соңғы жаңалықтар