Күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада 9-14 сәуір аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткендей, құрлықтық додаға 20-дан астам елден балуандар келеді деп жоспарланған.

Азия чемпионатында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

Грек-рим күресі:

Аманғали Бекболатов (55 кг)

Ернұр Фидахметов (60 кг)

Мұхамедәли Мамырбек (63 кг)

Алмат Кебіспаев (67 кг)

Ибрагим Магомадов (72 кг)

Демеу Жадыраев (77 кг)

Диас Қален (82 кг)

Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг)

Олжас Сырлыбай (97 кг)

Әлімхан Сыздықов (130 кг).

Әйелдер күресі:

Эллада Махяддинова (50 кг)

Алтын Шағаева (53 кг)

Марина Седнева (55 кг)

Нилуфар Раимова (57 кг)

Диана Каюмова (59 кг)

Ирина Кузнецова (62 кг)

Альбина Қайыргелдинова (65 кг)

Елена Шалыгина (68 кг)

Жәмила Бақбергенова (72 кг)

Эльмира Сыздықова (76 кг).

Еркін күрес:

Рахат Қалжан (57 кг)

Нұрболат Әбдуалиев (61 кг)

Мұхтар Санжар (65 кг)

Санжар Досжанов (70 кг)

Дархан Есенғали (74 кг)

Болат Сақаев (79 кг)

Азамат Дәулетбеков (86 кг)

Ризабек Айтмұхан (92 кг)

Бекзат Үркімбай (97 кг)

Юсуп Батырмурзаев (125 кг).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық спортшының дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар