Күрес түрлерінен 16 балуанымыз Олимпиада жолдамасына таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Кеше ғана Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәресіне жеткен болатын. Енді араға үш күн салып ала қалпақты ағайындар тағы бір маңызды доданы қабылдамақ.
Атап айтсақ, 19-21 сәуір күндері Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Онда қазақстандық балуандар да бақ сынап, Париж олимпиадасының жолдамасына таласады.
Аталған сында грек-рим күресі мен еркін күрестен балуандар бес салмақта сынға түссе, бұрымды балуандарымыз алты салмақта ел намысын сынамақ.
Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін күресетін балуандар тізімі:
Грек-рим күресі:
60 келі: Айдос Сұлтанғали
67 келі: Мейіржан Шермаханбет
77 келі: Демеу Жадыраев
97 келі: Олжас Сырлыбай
130 келі: Әлімхан Сыздықов.
Еркін күрес:
57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы
65 келі: Майис Әлиев
74 келі: Нұрғожа Қайпанов
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Юсуп Батырмұрзаев
Әйелдер күресі:
50 келі: Лаура Ғаниқызы
53 келі: Жұлдыз Ешімова
57 келі: Эмма Тисина
62 келі: Ирина Кузнецова
68 келі: Елена Шалыгина
76 келі: Жәмила Бақбергенова.