Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: Бүгін боз кілемге кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін күрес түрлерінен Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақтағы балуандар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Бішкек боз кілемінде️гі тартысты бәсекелерді сағат 10:30-дан бастап «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден таратады.
Жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:
55 келі - Нұрзат Қабдырахимов
63 келі - Ержет Жарылқсын
77 келі – Ибрагим Магомадов
87 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов
130 келі - Мансур Шадукаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрес балуандары мен әйелдер күресінен кіл мықтылар анықталды.
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Сарықұрлық додасын 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтап, жалпы есепте 4-орнға ие болды.
Ал әйелдер күресінен жерлестеріміз жарысты 4 қола медальмен аяқтыды.