Күрес түрлерінен ел біріншілігі: Бүгін бұрымды балуандар белдеседі
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін боз кілемде бүгін әйелдер күресінен кіл мықтылар анықталады.

Атап айтсақ, әйелдер күресінен 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақ санатында белдесетін балуандардың сайысына куә боламыз.
Ел біріншілігі даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатыр.
Ел біріншілігіндегі кіл мықтыларды анықтайтын дода әр күн сайын сағат 10.30-да басталады. Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам күрес шеберлері қатысып жатыр.
Қазақстан чемпионатының нәтижесіннен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандардың есімі белгілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды.