Күрестен ӘЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Норвегияның Осло қаласында күрестен әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін грек-рим күресінің шеберлері 63, 67 және 87 келі салмақта сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Күрестен ӘЧ: Нұрсұлтан Тұрсынов бірінші белдесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов әлемдік доданы сәтті бастады. 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын ол іріктеу кезеңінде украиналық Юрий Шкрюбаны 10:0 есебімен ұтты.

Турнирдің 1/8 айналымында Тұрсынов венгриялық Иштван Такашпен белдеседі.

Сондай-ақ, бүгін боз кілемге Сұлтан Әсетұлы (63 келі) мен Алмат Кебіспаев (67 келі) шығады.