Күрестен әлем чемпионаты: Зейнеп Баянова қола медаль үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.

Астанадағы күрестен әлем чемпионаты: Зейнеп Баянова қола медаль үшін күреседі
Фото: ҚР ҰОК

50 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламмен кездесті.

Белдесу 7:3 есебімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды. ҚР ҰОК мәліметінше, енді Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

Айта кетейік, Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін ұтып, қола медаль еншіледі.

Қазақ қызы Салтанат Меденова Ресейдің үздік боксшысы атанды.