19:44, 10 Шілде 2024 | GMT +5
Күрестен әйелдер командасы Испанияда төрт медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - Испанияның Мадрид қаласында күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталып, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мадрид төрінде үш спортшымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұтты. Олар – Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).
Лаура Алмағанбетова (57 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.