Күрестен Азамат Дәулетбеков пен Начын Куулар Азиаданың қола жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Күрестен Азамат Дәулетбеков пен Начын Куулар Азиаданың қола жүлдесіне таласады
Фото: Нұрғали Жұмағазы

86 келідегі Азамат Дәулетбеков жұбаныш белдесуінде Үндістан балуаны Номан Заканы 10:0 есебімен жеңді. Енді ол 3-орын үшін Сулдхуу Олонбайармен (Моңғолия) жолығады.

65 келідегі Начын Куулар да жұбаныш белдесуінде Сауд Арабиясының спортшысы Абдуллатив Мохаммед Әлбакриді 4:0 есебімен жеңді. Енді Начын жүлде үшін Кванг Жин Киммен (Солтүстік Корея) күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін Зейнеп Баянова (50 келі), Едіге Қасымбек (125 келі) қола жүлдеге және Эльмира Сыздықованың алтын жүлдеге таласатындығы белгілі болған еді.

Финалдық кезең Астана уақытымен 14:00-де өтеді.

Осыған дейін Эльмира Сыздықованың күрестен Азиаданың финалына шыққанын жаздық.

https://kaz.inform.kz/news/elmira-sizdikova-kuresten-aziadanin-finalina-shikti-344302cc/