Күрестен Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде грек-рим стиліндегі балуандар арасында медаль иегерлері анықталды. 

Күрестен Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ел кубогының алғашқы кезеңінде балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген. 

55 келіге дейін

1. Ербол Камалиев

2. Ерасыл Мамытбеков

3. Алпамыс Дастанбек

4. Ерсін Әбиір

63 келіге дейін:

1. Мейрамбек Айнағұлов

2. Дастан Зарлыханов

3. Асаухат Мұхамадиев

4. Нұрзат Марат

72 келіге дейін:

1. Әділхан Сатаев

2. Сырым Сәрсен

3. Мәди Маулітханов

4. Данияр Каленов

82 келіге дейін:

1. Омар Сатаев

2. Диас Қалтай

3. Олжас Ерғали

4. Мирас Баршылықов

97 келіге дейін:

1. Ілияс Гучигов

2. Айдос Әмір

3. Рахат Бержанов

4. Ерғали Бектұрсынов

Бүгін, яғни 12 қарашада кубокта қалған 5 категория бойынша грек-рим стиліндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. Ал, 13 қарашада әйелдер жүлдеге қол жеткізу үшін күрессе, 14 қарашада еркін күрес жарыстары басталады.

Соңғы жаңалықтар