Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Макон қаласында күрес түрлері бойынша өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.

Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлағанындай,  қыздар күресі бойынша Светлана Анкичева 44 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық палуан алғашқы белдесуінде тайпейлік қарсыласын 10:0 есебімен таза жеңсе, сосын үндістандықты 8:3 есебімен қапы қалдырды. Содан кейін ресейлікті 4:2 есебімен ұтқанымен, финалда ғана қарсыласына есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен батысқазақстандық палуан Қаһарман Қисметов 66 келі салмақта соңғы белдесуге дейін жетіп, күміс жүлдені иеленген болатын. Ал оның алдында тағы бір қазақстандық Темірлан Шадукаев грек-рим күресінен 74 келі салмақта жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алған еді. 

null