Күрестен жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Ж. Бақбергенова «қола» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күрестен жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Ж. Бақбергенова қола медаль алды, деп хабарлайды Sports.kz ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Kazakhstan Wrestling Online парақшасына сілтемемен.
Жамила Бақбергенова 72 кг салмақта (әйелдер күресі) өнер көрсетті.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленді. Бірінші орында Жапония, ал екінші орында Қытай құрамасы тұр.