Құрғақшылықтан зардап шеккен жер көлемі 120 жылда екі есе артты – ЭЫДҰ есебі

АСТАНА. KAZINFORM – Құрғақшылықтан зардап шеккен жер көлемі cоңғы 120 жылда екі есе артты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жаңа баяндамасына сәйкес, құрғақшылық зардабының құны да күрт өсті, деп хабарлайды Kazinform

Құрғақшылықтан зардап шеккен жер көлемі 120 жылда екі есе артты – ЭЫДҰ есебі
Фото: france24.com

ЭЫДҰ мәліметінше, 2035 жылға қарай құрғақшылық бүгінге қарағанда кемінде 35%-ға қымбатқа түседі. 

«Жаһандық құрғақшылық болжамы: үрдістер, салдары және бұдан да құрғақ әлемге бейімделу саясаты» атты баяндамасында атап өтілгендей, климаттың өзгеруі құрғақшылықтың нашарлауына әкеліп соғып отыр. Соңғы онжылдықта ғаламшардың 40% жиі және қарқынды құрғақшылықты бастан өткерді. 

ЭЫДҰ деректерінше, өсіп келе жатқан құрғақшылық тәуекелдерін болжау, алдын алу және оларға бейімделу бойынша үкіметтердің жедел және келісілген әрекеті шығындар мен залалды айтарлықтай азайтады және экономикалардың тұрақтылығы мен қалпына келуін күшейте алады. 

Құрғақшылық ауыл шаруашылығына зиянын тигізіп қана қоймай, сауда, өнеркәсіп, энергия өндірісіне де әсер етеді.

1980 жылдан бастап ғаламшардағы құрлықтың 37 пайызында топырақ ылғалдылығы айтарлықтай төмендеді. Қуаңшылық адамдарға да айтарлықтай зиян келтіріп отыр: табиғи апаттар салдарынан адамдар қаза тауып, кедейшілік, теңсіздік және қоныс аудару күшейіп келеді. 

Баяндамаға сәйкес, суды пайдаланудағы инновациялар өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібі тарапынан су алуды айтарлықтай азайтуы мүмкін.

— Құрғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіруді ынталандыру және үйлестірілген реттеу шаралары арқылы ілгерілетуге болады, ал тиімді суару жүйелері жаһандық суды пайдалануды айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Жерді тұрақты пайдалану және экожүйені басқару құрғақшылыққа табиғи төзімділікті нығайтуда және сумен байланысты маңызды экожүйе қызметтерін қолдауда маңызды рөл атқарады, — деп атті ЭЫДҰ.

Бұған дейін алдағы жылдары Арктикадағы жылыну жаһандық орташа көрсеткіштен үш есе артық болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар