Құрғақшылық АҚШ-ты шыршасыз қалдырды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстігінде құрғақшылық белең алып барады. Соның салдарынан тұрғындар шыршасыз қалып отыр. Техас және Оклахомада арнайы екпелерде өсіріліп жатқан қылқанды ағаштардың 90 пайызы құрып кеткен.

Құрғақшылық АҚШ-ты шыршасыз қалдырды

Жергілікті фермерлер құрғақшылықтың салдарынан қаржылық мәселелерге тап болғанын айтып отыр. Ендігіде сатылымға шығаратын шырша жоқ. Техас және Оклахома тұрғындары шыршаны Канада мен елдің солтүстік штаттарынан сатып алмақ ниетте.