Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандардың қарыз өтеу мерзімін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА.  16 қазан. ҚазАқпарат - Құрғақшылық салдарынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарыз мерзімін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

«ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарында қуаңшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қарыздарының мерзімін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, егіс алқаптарын сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру бағытында шаралар атқарылуда»,-деді жауапты хатшы.

Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккен егіс алқаптарының аумағы 1 млн. гектардан асып отыр. Мұндай егіс алқаптарының 90 пайызға жуығы 4 облысқа тиесілі. Оның ішінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Айта кетейік, бүгінде «ҚазАгроның» еншілес ұйымдарына 1,3 млрд. теңгенің мерзімін ұзарту бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 11 өтінім түскен.

Соңғы жаңалықтар