Құрғақшылықтан зардап шеккен еліміздің Батыс өңірлеріне Солтүстік аймақтардан астық тасымалдау жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жазда құрғақшылықтан зардап шеккен еліміздің Батыс өңірлеріне Солтүстік аймақтардан астық тасымалдау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін он-лайн режимінде өтіп жатқан Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.
None
None

«Біз жаз айларында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын араладық. Тиісті ресрустар бөлдік. Атап айтқанда, осы өңірлерде құрғақшылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі қалай жүріп жатыр», деп сұраған Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің сауалына, А. Күрішбаев жұмаға қарай Солтүстік облыстардан Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тасымалданатын астық көлемі 99 мың тонна болатынын жеткізді.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл мәселе турасында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Сондай-ақ астық тасымалы бойынша тиісті үдерістер жалғасуда», деді министр. Сонымен қатар А. Күрішбаев жемшөп әзірлеу тұрғысында субсидиялау бойынша қаулы Үкімет қарауына енгізілгенін айтып өтті. «Атап айтқанда, бұл мәселені қарастырып, қаржы бөлуді сұраймын. Себебі, құрғақшылық болған Батыс Қазақстан мен Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қолдау көрсетуіміз керек», деді министр.

Соңғы жаңалықтар