Курил аралдары аумағында күші 9 балдық жер сілкінісі болды

МӘСКЕУ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқарат - Қаңтардың 15-інен 16-сына қараған түні Курил аумағындағы Симушир аралының маңында болған зілзаланың күші 9 балды құрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Зілзаланың кіндігі Тынық мұхитында Симушир аралынан 230 шақырым жерде және 35 шақырымдай тереңдікте, теңіз табанында болған. Зілзала Южно-Курильск, Курильск және Северо-Курильск қалаларында да сезілген. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Қиыр Шығыс өңірлік орталығының ақпараты бойынша, құрбан болғандар жоқ, қираулар да тіркелмеген.
Соңғы жаңалықтар