Құрылыс кодексі қайта әзірленуі мүмкін

АСТАНА. KAZINORM – Құрылыс кодексі қайда әзірленуі мүмкін. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов білдірді.

тұрғын үй құрылысы
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасына қатысты сарапшылық кездесу өткен болатын. 

«Бұл кодекс енді түсті. Мүмкін ол 100 пайыз қайтадан әзірленуі мүмкін. Оны біз, депутаттар шешеміз. Сондықтан да бүгін кәсіби мамандардың пікірін тыңдағымыз келді. Мен құрылысшы емес, заңгермен. Сондықтан құжатта нені дұрыс жасамауымыз мүмкін екендігін түсінгім келеді», - деді кездесуден кейін ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында. 

Мәжіліс депутаты құрылысшыларға қатысты талапты қатаңдату мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. 

«Жауапкершілікке қатысты айтар болсам, қазіргі уақытта біз бизнес үшін жайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін іске асырмақ емеспіз. Адамдардың да қауіпсіздігін ойлаған жөн», - деді Магеррам Магеррамов.

Соңғы жаңалықтар