Құрылыс материалдары: отандық өнімнің үлесі қандай
АСТАНА. KAZINFORM — Үш жылда ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 80%-ға жеткізілмек. Бұл туралы Құрылтайда өңдеуші секторды ынталандыруға арналған Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.
— Соңғы үш жылда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 23% өсті. Осы жылдың он айының қорытындысы бойынша өсім 5,4%-ды пайызды құрап отыр. Саланың дамуына жаңа өндіріс орындары үлес қосып отыр. Атап айтқанда, жылу оқшаулағыш материалдар, керамикалық плиткалар, ламинат және басқа да құрылыс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар іске қосылды. Бүгінде ішкі нарықтағы сұраныстың шамамен 73%-ы пайызы отандық өніммен қамтамасыз етілді, — деді Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, жалпы бүгінде құны 975 млрд теңге болатын 98 инвестициялық жоба айқындалды.
— Оларды іске асыру алдағы үш жылда ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді министр.
Бұған дейін Құрылтайда импортқа тәуелділікті азайтудың тетіктері ұсынылғанын жазған едік.
Сонымен қатар Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева отандық өніммен қамтамасыз етуде қандай кемшіліктер бар екенін атады.