Құрылыс министрі: Тасқыннан бүлінген қора-қопсыны мемлекет қалпына келтірмейді

министр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқыннан бүлінген қора-қопсы мемлекет есебінен қалпына келтірілмейтінін айтты.

«Қазіргі таңда тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге – ред.) өтемақы бердік. Бірақ аула құрылыстарын, қораларды, басқаларды қайта тұрғызбаймыз. Себебі, біздің ең басты мақсат – баспанамен қамтамасыз ету», - деді ол БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Қанат Шарлапаев бұл шешімнің себебін де түсіндіріп көрді.

«Уақытша құрылыстарды қайта тұрғызудың қажеті бар ма, жоқ па? Біздің пікіріміз бойынша, ең алдымен тек баспанамен қамтамасыз етеміз. Бұл ең басты мақсат. Басқаларды қайта тұрғызбаймыз. Оны түсіну керек. Себебі, көп адамдар үйсіз қалды. Біздің аз ресурстарды қораға, басқа мәселеге жұмсауға болмайды, менің ойымша», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар