Құрылыс саласындағы кемшіліктерге енді қоғамдық мониторинг жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы Жолдау биыл «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталып, ол елдің одан әрі дамуының практикалық басымдықтарын айқындап берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

а
Фото: Астана әкімдігі

Жолдаудың басты идеясы — елдің экономикалық, қаржылық және технологиялық мүмкіндіктерін азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттау. 

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

Осы идеяны түрлі ұйымдар арасында түсіндіру мақсатында бір топ қоғам өкілдері Астанада бірнеше мекемеде кездесу өткізді.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

Маңызды құжаттағы экономика, кәсіпкерлік және инвестиция, ізгілік қасиеттерін дамыту тақырыбын талдаған жұмыс тобының құрамында Құрылтай депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, осы кеңестің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, жазушы, драматург Роза Мұқанова және Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин болды. Топ өкілдері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен, Назарбаев Университетінде студенттермен және Есіл ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, Жолдаудың маңызды тұстарын тереңнен талдап түсіндірді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

Спикерлер Президент нақты тапсырмаларды, қаржы ресурстары мен мерзімді айқындағанын алға тартып, оларды іске асыру үшін Үкіметтің, Құрылтайдың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысын күшейту қажеттігін жеткізді.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

— Жолдауда еліміздің дамуы үшін маңызды екі басты бағыт қарастырылды: «Халықтық құрылыс» және халықтық цифрлық экономика. Біріншісі әлеуметтік, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Екіншісі заманауи технологияларды кәсіпкерлікті дамытудың, еңбек өнімділігін арттырудың және табыс табу мүмкіндіктерін кеңейтудің құралына айналдыруға арналған. Осы ретте бүгінгі кездесулерге қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Дамудың жаңа кезеңі мемлекеттік шешімдердің сапасы мен оларды орындау үшін жауапкершілікті арттыруды талап етеді. Бұл — баршамызға ортақ жауапкершілік, — деді Т. Зейнұлқабден.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

Спикерлер Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстанның жаңа тарихи кезеңде тұрғанын тағы да атап өтті. Осы ретте Жалпыхалықтық құрылыс жылының маңызы — ауыл мен қала инфрақұрылымының арасындағы алшақтықты жоюда. Сондай-ақ олар ұлттың сапасын көтеру, сананы жаңғырту, мәдениеттілік, әдептілік жайын да қозғады. Соның аясында елімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы жаппай қарқын алып жатқанын тілге тиек етті.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

— Ұлттық және әлем әдебиетінің оқырмандары көбейді. Бұл қаламгерлердің де жауапкершілігін күшейтті. Себебі кешегі ауыл оқырмандары бүгінде қалалықтарға айналды. Қоғамдағы ізеттілік, әдеп, адалдық, еңбек адамы тақырыптары да — өзекті мәселе. Жолдауда әр сала бойынша тапсырмалар берілді. Әсіресе, құрылыс саласында осыған дейін тұрғын үйлердің, салынған емханалардың, мәдени орындардың сын көтермегені белгілі. Енді осыған халықтық бақылау, яғни Қазақстан Халық кеңесі тарапынан қатаң қадағалау болады. Халық кеңесі Astana Hub-пен бірге үлкен мониторинг жүргізеді. Осылайша бұған дейінгі келеңсіздіктер жойылып, халыққа тиімді, ел мүддесіне сай келетін шаруалар көбейеді деп сенеміз, — деді Р. Мұқанова.

Экономикалық даму конституциялық құндылықтарды, қоғамдық келісімді және жеке жауапкершілікті нығайтумен қатар жүруі тиіс. Заңды құрметтеу, адал еңбек, әділдік және жасампаз патриотизм одан арғы өзгерістердің қоғамдық негізін қалыптастырады.

а
Фото: Астана әкімдігі

Цифрлы экономика тақырыбында сөз сөйлеген А. Әмрин стратегиялық мақсат — экономикасы тұрақты және өмір сүру сапасы жоғары деңгейдегі Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құру екенін жеткізді. Кездесулерде ең көп сұрақ осы спикерге кәсіпкерлік, экономика тақырыбында қойылды.

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін ресейлік сарапшы Тоқаев Жолдауының басты экономикалық бағдарларын атады.