Құрылтай Конституциялық Сот судьяларын тағайындауға келісім берді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында ҚР Президентіне Қазақстан Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды.
Конституцияның 56-бабының 9-тармақшасына сәйкес, ҚР Президентінің Конституциялық Сотының судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен келісімін береді.
— Аталған судьяларды тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Конституциялық Сот судьясы лауазымына келесі кандидатуралар ұсынылады: Сәкен Абдолла, Ләйла Сұлтанқызы Жақаева, Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Тукиев, Сергей Ударцев, — деді ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр.
Жалпы отырыста дауыс беру кезінде Құрылтай аталған адамдарды Конституциялық Соттың судьясы қызметіне тағайындауға келісім берді.
Бұған дейін хабарланғандай, Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеуге арналған ақпараттық жүйе енгізеді.