Құрылтай сайлауына жұмсалған қаржының есебі қашан жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM - Құрылтай сайлауын өткізуге бөлінген қаржының қалай жұмсалғаны туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник айтып берді.

Доходы госбюджета без учета трансфертов составили 6,4 трлн тенге
Коллаж: Kazinform/Freepik

Оның сөзінше, республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі өңірлердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге және сайлауды ұйымдастыруға жұмсалды.

— Қаражат республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Олар өз кезегінде қаржыны сайлау комиссияларына жеткізеді. Қаражат бюджет заңнамасына сәйкес жұмсалады. Сайлау науқаны аяқталғаннан кейін 60 күн ішінде оның қорытындысы шығарылады, - деді Михаил Бортник.

Ол нақты қанша қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалғаны кейінірек жеке жарияланатынын айтты. Бұл мәлімет 60 күннен де ертерек дайын болуы мүмкін.

— 60 күн деп белгіленгенімен, біз бұл жұмысты созбаймыз. Егер есеп ертерек дайын болса, міндетті түрде хабарлаймыз, — деді ОСК мүшесі.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуге Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінгені хабарланды.