Құрылтайдағы депутаттық мандаттар партиялар арасында қалай бөлінді
АСТАНА. KAZINFORM - Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай сайлауынан кейін саяси партиялар арасында депутаттық мандаттардың қалай бөлінгенін жариялады.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, 23 тамызда Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия Құрылтайға өтті.
Мандаттар партиялар арасында былай бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 110 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
- Respublica партиясы – 9 мандат.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялағаны хабарланды.