Құрылтайға қатысты сайлау қарсаңында жаңа партиялар пайда бола ма

АСТАНА. KAZINFORM — Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда жаңа саяси партияның пайда болуы мүмкіндігіне қатысты пікір айтты.

Құрылтайға қатысты сайлау қарсаңында жаңа партиялар пайда бола ма
Фото: Конституциялық сот

— Бұл сұрақ әділет органдарына қатысты емес, яғни жаңа партияны тіркеу, қайта құру немесе басқа да қадамдарды жүзеге асыру құқығы ел азаматтарына берілген, — деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министрден Құрылтайдағы сайлау қарсаңында қай датаға дейін жаңа партиялар пайда болуы мүмкін екені сұралды.

— Жаңа Конституцияға сәйкес, тиісті іс-қимылдар 1 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін Құрылтайдағы сайлау жарияланады. Тіркеуден өткен партиялар бұл сайлауға қатысады, — деді министр.

Еске салсақ, жақында Қазақстанда жаңа саяси ұйым — «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті.