Күріштің генетикалық модификацияланған жаңа түрі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ мамандары құрғақшылыққа, тұзды тоқыраққа және тыңайтқыштың жетіспеушілігіне төзімді күріштің генетикалық модификацияланған жаңа түрін жасап шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Күріштің генетикалық модификацияланған жаңа түрі шығарылды

«Осылайша Азия мен Африканың егін шаруашылығында тәуекелі көп аудандарында күріштің тұрақты өнімін қамтамасыз етудегі ең қиын міндеттердің бірін шешуге жағдай жасалды», - дейді ғалымдар.

БҰҰ сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, жыл сайын әлемде 13 млрд. доллардың дәнді дақылдары өліп қалады екен. Сонымен бірге, тағы 1 млрд. доллардың өнімі топырақтың тұздануы салдарынан шығынға ұшырайды. Ал тыңайтқыштың жетіспеушілігі салдарынан келетін шығынды есептеу мүмкін болмай отыр.

Сондықтан да бүгінгі таңда әлемнің алдыңғы қатарлы зертханаларында тынбай еңбектеніп жатқан мыңдаған ғылыми ұжымдар дәнді дақылдар генін модификациялау арқылы табиғаттың қатал сынына төзімді түрлерін шығару үшін барын салуда.