Құрлық әскерінің басшылық құрамы әскерилермен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін зерделеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 61993 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиын өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрлық әскерінің басшылық құрамы әскерилермен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін зерделеуде

«Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» және «Астана» төрт өңірлік қолбасшылықтың, Аэроұтқыр әскерлері мен Зымыран әскерлері және артиллерия екі әскер тектерінің басшылығы, сондай-ақ, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері мұнда оқудан өтіп жатыр. Сабақтарда офицер-командирлер қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау мәселелерін, қарулы күрестің сипатының өзгеруін ескере отырып, тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу тәртібін зерделеуде.  

Сабақтардың мақсаты мен тақырыбы әлемдегі және Орта-Азиялық өңірдегі әскери-саяси жағдайдың өзгеруі, сондай-ақ, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметінің тексерілуі нәтижелері ескеріле отырып, анықталды. Одан басқа, жиын шеңберінде түнде қару-жарақтан оқ атумен қазақстандық «Арлан» жауынгерлік дөңгелекті машинасының тактика-техникалық сипаттамаларының іс жүзіндегі көрсетілімі өткізілді.  

«Арлан» алғашқы қазақстандық броньды машина болып табылады және Құрлық әскерлерінің жарақтандыруында тұрған кезде жеке құрамның оның мүмкіндіктері мен пайдалану ерекшеліктерін толыққанды меңгергені маңызды. Бас қолбасшының басқармасында айтып өткендей, Құрлық әскерлерінде сарбаздарды ғана емес, сонымен бірге, командирлерді де оқытып-үйретеді. Бүгінгі таңда жиын әскери басқару органдары мен әскерлерді даярлауды жетілдіру және оқытудың озық әдістемелерін тарату бойынша маңызды іс-шара болып табылады.

Ол әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты дамытуға, сондай-ақ, әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігінің, яғни, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп және қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі негізгі көрсеткіштері бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.