Құрлық әскерлерінде оқыту мен жауынгерлік даярлықтың әдістемесі ұдайы түзетіліп отырады - М. Майкеев (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облсындағы «Іле» оқу-жаттығу орталығында ҚР Қарулы Күштері басшылық құрамының үш күндік жедел-әдістемелік жиыны өтіп жатыр. Биыл ол Аэроұтқыр әскерлері қазақстандық бітімгершілік бригадасының базасында өтуде. Жиынға 350-ден астам қатыстырылды.
None
None

Жиынның бүгінгі (екінші күн) күні полигон жағдайындағы практикалық сабақтарға арналған. Осы мақсатта жиынға қатысушылар «Іле» оқу-жаттығу орталығына барып, онда олар үшін Қазбригтің бөлімшелері батальонның далалық жорығын ұйымдастыру және өткізу тәртібін көрсетті.

Жиын шеңберінде қатысушыларға жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың 50-ден астам үлгілері, соның ішінде жаңа техникалық қызмет көрсету және техниканы жөндеу құралдары көрсетілді. Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің жұмысын бақылау барысында офицерлер оқу орындарында батальонның полигонға шығуын жоспарлау және дайындау, батальон құрамына кіретін бөлімшелермен сабақтар ұйымдастыру, взводтардың жауынгерлік атыстарын өткізу мәселелерін пысықтайды. Үлгілік сабақтар барысында офицерлер оқу-жаттығу полигонындағы жұмыс кезінде батальонды моральдық-психологиялық, тылдық, техникалық, медициналық қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі зерделейтін болады. «Әскери қолбасшылық алдында әскерлерді қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері контексінде үйрету міндеті тұр», - деп ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті. «Қарулы күрестің түрлері мен әдістері өзгерістерін ескере отырып, Құрлық әскерлерінде оқыту мен жауынгерлік даярлықтың әдістемесі ұдайы түзетіліп отырады», - деген М. Майкеев жауынгерлік даярлықтың, сондай-ақ қолбасшылықтың айрықша назар аударуын қажет ететін мәселелердің басым бағыттарын нақтылау жиынның негізгі мақсаты болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, жиын міндеттері қатарында әртүрлі әскер түрлері мен тектері бөлімшелерінің іс-қимылын жетілдіру, олардың өзара әрекеттесуі мәселелері пысықталды. Бұл ретте командирлердің жағдайды талдап, бағалай білуіне баса назар аударылды. «Іле» полигонындағы жиынға қатысушылардың жұмысы атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындаумен жалғасты. Сондай-ақ командирлер жиынның соңғы күні өздерінің кәсіби біліктіліктерін дене даярлығынан сынақ тапсыру барысында және командалық-штабтық жаттығу барысында көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар