Құрлықтық хоккей лигасы апталығында «Барыс» командасының екі хоккейшісі үздік ондықтың қатарына кірді

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы апталығында «Барыс» командасының екі хоккейшісі үздік ондықтың қатарына кірді.
None
None

«Барыс» клубының ресми сайтының мәліметіне қарағанда, мәскеулік «Динамо» командасымен болған тартыста Вадим Краснослободцевтің салған шайбасы ҚХЛ апталығында үздік 10 голдың қатарына енді.

Сонымен қатар, «Динамо» командасымен өткен кездесуде астаналық команданың қақпашысы Виталий Еремеевтің қақпаны қорғаудағы шеберлігі де ҚХЛ апталығында 10 үздіктер сапысынан табылды.

«Барыс» командасының келесі ойыны 30 желтоқсанда сырт айдында «Салават Юлаев» хоккейшілерімен өтеді.

Соңғы жаңалықтар