Құрманғалиев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 1/8 финалдан аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды. 

үстел теннисі
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, отандасымыз неміс спортшысы Андре Бертельсмайерден 4:1 есебімен жеңіліп қалған. 

Айта кетейік, 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті. 1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.

Сонымен қатар, ол жұптық сайыстарда да бақ сынады. Төменде оның нәтижелері көрсетілген:

Жұптық сайыс, 1/8 финал

Алан Құрманғалиев/Вассим Эсид (Қазақстан/Тунис) - Флавьен Котон/Натан Лам (Франция) 1:3.

Аралас жұптық сайыс, 1/16 финал

Алан Құрманғалиев/Вонг Хой Тунг (Қазақстан/Гонконг) - Исак Альфредссон/Агнес Свенссон (Швеция) 2:3.

Еске салсақ, бұған дейін Аланның үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққанын жазған едік.