Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне «ұлттық» мәртебесі берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «ұлттық» мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде оркестрдің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Заңының 21-бабының 1-тармағы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «ұлттық» мәртебесіне ие болды. Бұл қуанышты жаңалықты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді. Барлық әріптестерімізді және Ұлттық мәртебеге ие болған өнер ошақтарын қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз. Т өл өнерімізді дамытудағы еңбегіміз жана берсін» делінген консерваторияның Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, мұның алдында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры «Ұлттық» мәртебесіне ие болғанын жазған болатынбыз.