17:32, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі Оралда өнер көрсетті
ОРАЛ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 9-ында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі концерт қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрылғанына биыл 75 жыл толған әйгілі оркестр бұған дейін БҚО-ның Шыңғырлау, Сырым, Теректі, Зеленов, Тасқала, Ақжайық аудандарында өнер көрсеткен еді. ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, оркестрдің бас дирижері Дүйсен Үкібай мен дирижер Жанас Бекентұрдың жетекшілік етуімен өткен концертте батысқазақстандық Батыржан Мықтыбаев бас домбырашы ретінде көрінсе, Береке Еңкебаева сынды әншілер әуелете ән салды.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі Тұяқберді Шәмелов, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың ректоры, академик Тұяқбай Рысбеков ұжымды 75 жылдығымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.