Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұжымы Ливанда концерт берді

үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында Ливан Республикасының астанасы - Бейрут қаласындағы белгілі ЮНЕСКО концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Ж.Әубәкірованың басшылығымен қазақ ұлттық және классикалық аспаптар ұжымының концерті берілді. Бұл туралы ҚР СІМ-нен хабарлады.
Аталған шара тікелей Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі және Ливан Республикасындағы Елшісі Б.Сәрсенбаевтың алғы сөзімен ашылды. Өз сөзінде елші Б.Сәрсенбаев бұл концерттің арнайы Ливан халқына арналғандығын айтып, екі жақты мәдени байланыстардың оң сарында дамып келе жатқандығының айғағы ретінде танылатындығын атап өтті.
Мерекелік шараға Ливан Республикасының саяси және мәдени, сондай-ақ Ливан Үкіметі мүшелері, аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, белгілі саясаткерлер және тағы басқалары қатысты. Шара барысын Ливанның танымал БАҚ-тарының теле және ақпараттық журналистері кеңінен жариялады.
Қазақстандық концерт ливан жұртышылығы тарапынан қошеметпен қабылданып, үлкен мәртебеге ие болды.