Құрманғазы атындағы консерваторияның есепшісі 8 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Алмалы аудандық сотында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының бұрынғы есепшісі Ғалия Жұмағұлованың соты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрманғазы атындағы консерваторияның есепшісі 8 жылға сотталды

Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ғалия Жұмағұловаға 128 млн теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.

«Судья Ғалия Жұмағұлованы айыпты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, оған материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға орналасуға 10 жылға тыйым салынды. Сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласы барына байланысты жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді», - деді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Іс материалдарына сәйкес, Ғ.Жұмағұлова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына 127 994 593 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.