Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған постеріне түбегейлі қарсымын - Б. Қожақов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған постеріне түбегейлі қарсымын. Бұл пікірді бүгін «Қазақстандық жарнама компаниялары альянсы» қауымдастығының директоры Болат Қожақов мәлім етті.

Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған постеріне түбегейлі қарсымын - Б. Қожақов

«Мен бұл постерге түбегейлі қарсымын. Әркімнің өз өміріне қатысты құқығы бар. Сондықтан да біреудің өміріне қол сұғып, оның бейнесін кез келген кейіпте бейнелеуге болмайды», - деді ол БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер мүлдем заңсыз.

«Сүйісіп тұрған бейнеңді қатты қалап тұрсаң өзінің ғаламтор порталыңа сал. Алайда танымал адамдарды ғана емес, тіпті кез келген басқа адамның бейнесін пайдалануға мүлдем болмайды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алмалы аудандық сотына Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның ұжымы Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің үстінен Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған постеріне байланысты арыз түсірген болатын. Онда оқу орны ұжымы агенттіктен 34 млн. теңге, сондай-ақ республикалық БАҚ арқылы көпшіліктен кешірім сұрауын талап еткен. Сот елдің абыройын таптаған постерді жариялаған Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігіне 34 млн. теңге моральдық шығын өтеу жазасын кескен еді.